Ботақан (бота туралы тақпақ)

Кішкентай бота

Екі көзің мөлдіреп,
Кекіл шашың желбіреп,
Енең жүрген далаға
Көп қарайсың елжіреп.

Қасыңда өзім тұрмын ғой,
Досың барын білдің ғой.
Сенен ұзап кетем бе,
Шыр айналып жүрмін ғой.

Өзгелердей алысып,
Ойнамайсың жарысып.
Көтере алмай аяғың
Кетер ме екен майысып.

Жүресің тек монтиып,
Қос өркешің селтиіп.
Қарап жүріп қорқамын
Қала ма деп жел тиіп.


Ақ бота

Боташым

Айналайын жан ботам!
Кіп кішкентай ақ ботам!
Айым, күнім, боташым,
Қуанады анашым.