Туған күнге тілек

Жастайыңнан самғап ұштың,
Заманыңмен сен жарыстың.
Қайтпас, қайсар жігері бар
Мінезіңде жолбарыстың.
Арпалыстың елің үшін,
Жолын қумай жанбағыстың.
Жақсылықтың тұнығынан
Хас тұлпардай жалдап іштің.
Құбылмадың құбылса да
Жалған дүние – алдамыш күн.
Адалдарға құшақ жайып,
Арамзамен сан қағыстың.
Елбасыға жасай білдің
Кереметін қолғабыстың.
Барған жерде бағы жанды
Өз қолыңа алған істің.
Енді, міне, ел айбыны –
Басындасың Қорғаныстың!
Желтоқсанда туған ұлсың,
Қылаулатып қардан ұшқын.
Аман болғай тіл мен көзден,
Алдаспаны ар-намыстың!