Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші-тіл мен көзден аман бол,
Үшінші-берекелі, беделді бол,
Төртінші-арыстандай айбатты бол,
Бесінші-ақылды, қайратты бол.
Алтыншы – өнерлі бол.
Біздің өміріміз үлкен өзен іспетті. Сіздің қайығыңыздың қиындықтардан жеңіл өтіп, махаббат иірімінде басқаруын жоғалтпай, бақыт сарқырамасына жетуін тілеймін!
Туған күніңізбен! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын!
Туған күніңмен! Саған туған күніңде жаңа әлемнің есігін айқара ашып, күлкіңмен бағындыруыңды тілеймін! Өміріңнің қыры қашан да жайқалып, гүлдей берсін!
Туған күніңізбен! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын!
Тек қана туған күніңде емес, әр күн сайын мен саған шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілеймін. Ақ қанат армандарың биікке самғап, өміріңнің көгінен орын ала берсін. Шынайы бақыт иесі болуыңа тілектеспін!
Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!
Туған күн – ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын!
Туған күніңмен! Саған туған күніңде жаңа әлемнің есігін айқара ашып, күлкіңмен бағындыруыңды тілеймін! Өміріңнің қыры қашан да жайқалып, гүлдей берсін!
Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн – біздің әлем сенімен толыққан күн. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз!
Туған күніңмен! Кеудеңдегі лүпілдеген моторың ақаусыз жұмыс жасап, жүз жаса!Өмірің ой-шұңқыр мен оқапсыз, кең әрі тегіс болсын! Жолдың шұғыл бұрылыстарынан аман өтіп, өміріңнің рөлін мықтап ұста! Өмір жолың сәтті, шаттыққа толы болсын!
Қанша жұлдыз әлемде!
Қанша толқын теңізде!
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!
Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.
Қуанышты, бақытты күндер көп боп тұрсын!
Әрдайым аспанын ашық болып
Іс табысты, денсаулық мықты болсын!
Жастайыңнан самғап ұштың,
Заманыңмен сен жарыстың.
Қайтпас, қайсар жігері бар
Мінезіңде жолбарыстың.
Арпалыстың елің үшін,
Жолын қумай жанбағыстың.
Жақсылықтың тұнығынан
Хас тұлпардай жалдап іштің.
Құбылмадың құбылса да
Жалған дүние – алдамыш күн.
Адалдарға құшақ жайып,
Арамзамен сан қағыстың.
Елбасыға жасай білдің
Кереметін қолғабыстың.
Барған жерде бағы жанды
Өз қолыңа алған істің.
Енді, міне, ел айбыны –
Басындасың Қорғаныстың!
Желтоқсанда туған ұлсың,
Қылаулатып қардан ұшқын.
Аман болғай тіл мен көзден,
Алдаспаны ар-намыстың!
Мені тілектер туған күнге арман білдіремін! Бұгінгі күнге сізге жасалулар тілектері жасауымызды үміттенемін. Сізге тілектерге озымнан жатамын жасау үшін дайындап жатарымын: Барлық дайындарыңызды дайын жату, денсаулық пен бақытты даму үшін міндетті амалдар жасау. Барлық жақтарда ойлау жату, кез келген мәселе мен кепілдіктерге жауап беру. Өмірді дайын жату жолында белгілі ниетпен жату, жаттықтан жататын мақсаттарды болашаққа жүгіру. Ортақ дайындайту жататын адамдарга көмек көрсету, дайындама жасау. Туған күнге дайын жату арқылы озыңыздың дуасын, арманыңызды, мақсаттарыңызды жасау. Бәрімізге көмек көрсету, тақтаймызды арттыру жататын дайындайтуды жасау. Тілек туған күніңізге жатамын, дайындайтын дайындайтуларды дайындап жатарымын! Барлық жақтарыңыздың дайындайтын дайындайтуды сіздерге сәттілік, денсаулылық және бақытты көздерге көрген көрсетуімізді үміттенеміз! Өмірді дайындайтын түнге, таңғы түнге, таңертеңге жатамын! Сізге рақмет жасау!