Лақ туралы қысқа тақпақтар балабақшаға
Бөрте лақ
Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Лақ
Аппақ менің лағым
Қос құлағы - шұнағым.
Қарның ашып қалды ма?
Неге сонша жыладың?
Лақ
Аппақ қандай лағым,
Салбырайды құлағың.
Келтіресің күлкімді,
Түрің неткен сүйкімді.
Лақ туралы тақпақтар мектепке
Лақ
Мойнын иіп төменге,
Селтеңдетіп құлағын,
Қарғып кетті өзенге
Ахметтің лағы.
Десе керек Ахмет,
Сол бетімен құлады.
Көзіне тез жасы кеп,
Отыра ғап жылады.
Жардың арғы бойында
Қалтаңдап қос құлағы,
Еш нәрсе жоқ ойында,
Жайылып жүр лағы.
.webp)
ЕРКЕ ЛАҚ
Ерке лақ секірді,
Тентек-ақ секілді.
Көтеріп көріп ем,
Жалады бетімді.
Бетімді жалады,
Тесіліп қарады.
Жоғалтып жүр ме екен
Дәл мендей баланы?
Апарып шеткері
Жібердім — кетпеді.
Тұр ма екен:
«Достыққа
Жарай ма», — деп мені?
Лақ
Үй алдында – «Балбұлақ»,
Өткелі бар жалғыз-ақ,
Тігіп алып құлағын,
Қарғып өтті лағымЛағым неткен епті еді,
Өткелден құлап кетпеді.
Соңынан мен де секірдім.
Жалп еттім суға, өкіндім
Лағым-ау, лағым –
Бәрібір сені қуамын!
Бір ағашта бес тармақ,
Бес тармақта бес жаңғақ
Өзіңмен бірге еседі,
Өзіңмен бірге төсегі.
Көргенде оны жіп дейсің,
Бірақ киім тікпейсің
Бастауда,
Беткейде
Қос көл бар көлемі оймақтай
Төгіліп
Кетпей ме
Көл сырын ешкімге қойды айтпай
Түпсіз кел – оймақ көл,
Қайда бар, ойлап көр?!
Қара үңгірде қара тас
Жылуы бетті қаратпас
Пернесіз, иексіз
Күйі келсе
Күмбірлеп кетеді
Буынсыз, сүйексіз
Тежеуін білмесе
Етіңнен өтеді
Сүйекке жетеді.
Ақ лақ
Күні бойы, ақ лақ,
Мазаланба маңырап.
Сағындың ба енеңді,
Кешке келер ол енді.
Қарның ашса, ақ лақ,
Міне, құрақ, бал бұлақ
Сен алдымен тойып ал,
Тойып алсаң, ойын бар.
Енең келіп, ақ лақ,
Табысарсың жамырап.
Оған дейін бірігіп,
Ойнайықшы жүгіріп.
ЛАҚ ПЕН СУРЕТ
Өзімді шыңдар келді күн,
Ұғамын мәнін еңбектің.
Өріске шықтым мен бүгін,
Лағымды жайып келмекпін.
Лағым жүр, міне, секіріп,
Ол енді маған бағынбас.
Салуға сурет бекініп,
Әкелгем дәптер,қарындаш.
Бұлақпен, жасыл шалғынмен
Табысып лағым үлгерді.
Параққа сосын салдым мен
Құрақты, шөпті, гүлдерді.
Көркіне бірақ даланың
Үйренбей лағым жүр, тегі.
Дәптерімнің ол парағын
Тұмсығыменен түртеді.
Болса да байтақ бұл мекен,
Қасыма лағым көп келді.
Жегісі келіп жүр ме екен
Мен салған сурет шөптерді?
"Лақ" сөзі "әдет" немесе "қалайсыз" енгізілген сөздіктен тақпақта келіп тұр. Біздің мәтініміздегі "лақымды" сөзі "сөздің мәнін қалайсыз білу" деген мағынасын тақпақ айтып отыр.