Анам менің - аялаған ақ гүлім
Анам менің - бақытым мен шаттығым
Анашым - деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің - өмірдегі тірегім
Анам менің - кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген - бәтерегі өмірдің.
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген - асыл жардар болаттай
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
Уакап
Бұл өлеңдер ана махаббатын және ана болудың адам өміріндегі маңыздылығын мадақтайды. Авторлар метафораларды ананың өмірде тірек, кеудедегі жүрек, алтын қазық және мөлдір бұлаққа айналуын сипаттау үшін пайдаланады. Бұл сөздер ана бізге өмір сыйлаған адам ғана емес, сонымен бірге біздің әл - ауқатымызға қамқорлық жасайтын және қиын кезеңдерде бізді қорғайтын адам деген ойға әкеледі. Бұл өлеңдер ана махаббатын құрметтеу мен бағалаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады.