Абайдың бірінші қара сөзі - Абайдың қара сөздерінен толықтай мойыншақ сөйлемдер

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.

Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.

Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?

Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.


6 пікір

Қожа

Бұл бірінші қара сөздер Абайдың өмірін қалай өткізгені және осы дүниеде не істеу керектігі туралы өмірлік тәжірибесі мен ойларын көрсетеді. Ол көп нәрсені жүріп өтті, бірақ сапардың соңында ол әрі қарай не істеу керектігін ойлайды.

Балжан

Автор өзі жасай алатын бірнеше кәсіп нұсқаларын қарастырады: халыққа көмектесу, мал өсіру, ғылымды түсіну, сенімге қызмет ету және балаларды тәрбиелеу. Алайда, бұл нұсқалардың әрқайсысының кемшіліктері бар, сондықтан автор таңдау жасай алмайды.

Бауржан

Абайдың өмір және оның мағынасы туралы ойлары белгілі бір жасқа жеткен және өмірде не істегендері туралы ойлана бастаған көптеген адамдарға тән.

Қадиша

Автор табындарды көбейтудің немесе ұрылар мен қайыршыларға көмектесуге күш жұмсаудың мағынасын көрмейді. Ол сондай-ақ өзін сенімге қызмет етуге арнай алмайды, өйткені оған тыныштық пен ішкі үйлесімділік жетіспейді.

Асыл

Абай Кунанбаев үшін балаларды тәрбиелеу де маңызды іс емес, өйткені ол оларға өмір үшін нақты білім мен дағдыларды бере алатынына сенімді емес.

Абай

Нәтижесінде Кұнанбайұлы өз ойларын жазуды және оның өмірінде болып жатқанның бәрін жазуды бастау туралы шешім қабылдайды. Ол оның сөздері басқа адамдармен резонанс тудырады және оларға өмірдің мәнін түсінуге көмектеседі деп үміттенеді.