Абайдың отыз үшінші қара сөзі - Абай Құнанбайұлының қара сөздері

Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.

Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.

Екінші - ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады.

Абайдың ең қысқа қара сөзі

Үшінші - «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.

Төртінші - тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?


Абайдың отыз үшінші қара сөзі: 5 пікір

Темирхан

Қолөнер шеберлігі-бұл өмір сүру тәсілі ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі жетілдіру жолы. Өз дағдыларын жетілдіргісі келмейтін қолөнерші бір орында қалады және өз кәсібінде алға жылжи алмайды. Сонымен қатар, қолөнерде жұмыс істеу басқа қолөнершілерден сабақ алуды және кәсіби өсудің маңызды элементі болып табылатын тәжірибені қабылдауды қамтиды.

Жолан

Сіз мұнымен тоқтап, тапқан мал басы өмір бойы байлықты қамтамасыз етеді деп ойлай алмайсыз. Қолөнерде жұмыс істеу үнемі еңбек пен күш-жігерді қажет етеді, сонда ғана жетістікке жетіп, мол өмір сүруге болады. Мұны ұмытып, кең аяқпен өмір сүре бастағандар сәтсіздік пен кедейлікке ұшырайды Абай отыз үшінші қара сөзінде жызылып жатыр.

Гулзифа

Жағымпаздар-бұл әр адамға, соның ішінде қолөнершіге де қауіп. Олар адамды өздерінің шынайылығына оңай сендіре алады және олардан қажет нәрсені ала алады. Жалқауларға мойынсұнатын қолөнерші алаяқтардың құрбаны болып, барлық табыстарын жоғалтуы мүмкін. Сондықтан жағымпаздарды шынайы адамдардан ажыратуды үйрену және олардың жалғандықтарын пайдалануға мүмкіндік бермеу маңызды.

Берен

Қолөнерде жұмыс істеу-бұл өмір сүру тәсілі ғана емес, сонымен бірге өз елінің мәдени мұрасын сақтау тәсілі. Өзінің білімі мен дағдыларын келесі ұрпаққа ұқыпты сақтайтын және беретін қолөнерші қоғамның құрметті мүшесі ғана емес, сонымен бірге ұлттық қазына болып табылады.

Дурия

Абайдың отыз үшінші қара сөздері не деп жатыр: қолөнер-бұл өзіңізбен, дағдыларыңызбен және қасиеттеріңізбен үнемі жұмыс жасау. Өз кәсібін жақсартатын қолөнерші өмірдің басқа салаларында да жақсарады. Ол өзіне деген сенімділікке ие болады