Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі - иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші - үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа-ләкин, кімде-кім иманның неше нәрсе бірлән кәмәләт табатұғынын білмей, қанша жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірәдар атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүрген көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.
4 пікір
Куланда
Он екінші қара сөзі бізді діни рәсімдердің шынайы мағынасын түсінбестен ресми түрде орындалуына батып кетпеу туралы ескертеді. Рухани түсінбестен рәсімдерді сақтау нағыз тақуалық емес. Адам рухани дамуға және сенімнің мағынасын түсінуге ұмтылуы керек.
Камбар
Абай сенімнің тазалығы мен биіктігі үшін күресу қажеттілігі туралы айтады. Бұл сенім өмірдің бір бөлігі ғана емес, оның басты мақсаты болуы керек дегенді білдіреді. Адам шынайы рухани биіктікке жету үшін өзімен және жамандықтарымен күресуі керек.
Зара
Қара сөзі сенушінің маңызды қасиеттері ретінде еңбекқорлық пен ұстамдылыққа баса назар аударады. Үнемі өзімен және жамандықтарымен күресетін адам сенімнің шынайы мағынасын жетілдіруге және білуге ұмтылады. Бұл қасиеттер адамға өмірлік қиындықтарды жеңуге және рухани кемелдікке жетуге көмектеседі.
Ракима
Абайдың он екінші қара сөзі сенімнің мағынасын білу мен білудің маңыздылығын көрсетеді. Оларсыз шынайы тақуалыққа жету мүмкін емес. Сенім тек сенімге емес, білімге негізделуі керек. Адам дін мен өмірдің шынайы мағынасын түсінуге ұмтылуы керек.