Абайдың жиырма жетінші қара сөзі - Абайдың қара сөздерінен толықтай мойыншақ сөйлемдер

(Сократ хакімнің сөзі)

Бір күні Сократ хакім бір Аристодим деген ғалым шәкіртіне құдай табарака уа тағалаға құлшылық қылмақ турасында айтқан сөзі. Ол өзі құлшылық қылғандарға күлуші еді.

- Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты? - деді.

Ол айтты:

Толып жатыр, қазірет.

Бірінің атын аташы, - дейді.

Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сыйпатына түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын, - деп, соған ұқсаған неше онан басқа өнерлері әшкере болған жандарды айтты.

Олай болса, кім артықша ғажайыптануға лайықты: жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтұғын суретші ме? Я жан иесі, ақыл иесі адамды жаратушы ма? - дейді.

Соңғысы лайықты, - дейді, - бірақ ол жаратушы жаратты, өздігінен кез келіп, солай болып кетпей, басынан біліп істеген хикметімен болса, - дейді.

Жә, пайдалы нәрсе дүниеде көп, бірінің пайдасы көрініп, білініп тұрады. Кейбірінің пайдасы анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет көресің? - деді.

Әрине, әшкере пайдаға бола жаратылғанын хикмет десек керек деймін, - дейді.

Жә, олай болса, адамды жаратушы хауаси хамса заһри бергенде, тахқиқ ойлап, олардың пайдасының барлығы түгел оған мұқтаж боларлығын біліп бергендігі әшкере тұр ғой. Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтып ләззат алар едік? Ол көз өзі нәзіктігінен керегіне қарай ашып, жауып тұруы үшін қабақ беріпті. Желден, ұшқыннан қаға берсін болуы үшін кірпік беріпті. Маңдай теріні көзден қағып тұруға керек болғандығынан, басқа тағы керегі бар қылып қас беріпті. Құлақ болмаса, не қаңғыр, не дүңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән – ешбірінен ләззаттанып хабар ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде не тәтті, не қатты не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік? Бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе?

Көзді, мұрынды ауызға жақын жаратыпты, ішіп-жеген асымыздың тазалығын көріп, иісін біліп, ішіп-жесін деп. Бізге керегі бар болса да, жиіркенерлік жері бар тесіктерді бұл бастағы ғазиз білімді жерімізден алыс апарып тесіпті, мұның бәрі хикметпен біліп істелгендігіне дәлел емес пе? - депті.

Сонда Аристодим тахқиқ ойлап тексергенде, адамды жаратушы артық хикмет иесі екендігіне һәм махаббатыменен жаратқандығына шүбәсі қалмады.

Олай болғанда және не ойлайсың, һәмма мақұлыхатты жас балаларына елжіретіп, үйірілтіп тұруын көргенде уа һәмма мақұлыхаттың өлімін жек көріп, тіршілікте көп қалмақшылығын тілеп, ижтиһад қылуын көргенде, өсіп-өнуінің қамында болудан басқа істі аз ойламақтары - бұларының бәрі жұрт болсын, өссін, өнсін үшін. Солардың бәрін жаратқанда көңілдерін солайша ынтықтандырып қойғандығы һәм мұның бәрі жақсы көргендігінен екенін білдірмей ме? - дейді.

Ей, Аристодим! Қалайша сен бір өзіңнен, яғни адамнан басқада ақыл жоқ деп ойлайсың? - еді. - Адамның денесі өзің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе? Денеңде болған дымдар жердегі сулардың бір тамшысындай емес пе? Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң ие болдың. Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне һәм қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне таңғажайып қаласың һәм ақылың жетпейді, осылардың бәрі де кез келгендікпен бір нәрседен жаралған ба, яки бұлардың иесі бір өлшеусіз ұлы ақыл ма? Егер ақылменен болмаса, бұлайша бұл есебіне, өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние әрбір түрлі керекке бола жаратылып һәм бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын мықты көркем законге қаратылып жаратылды, - дейді.

Ол айтты:

Тахқиқ бұл айтқаныңның бәрі рас, жаратушы артық ақыл иесі екендігі мағлұм болды. Ол құдайдың ұлықтығына іңкәрім жоқ. Бірақ сондай ұлық құдай менің құлшылығыма не қылып мұқтаж болады? - деді.

Ей, Аристодим! Қате айтасың. Мұқтаж болмағанда да, біреу сенің қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екендігіңе де ұстаз керек пе? - деді.

Аристодим айтты:

Ол менің қамымды жейтұғынын мен қайдан білем? - деді.

Жә, олай болса һәмма мақұлыққа да қара, өзіңе де қара, жанды бәрімізге де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ. Хайуанға берген денеге қара, адамға берген денеге қара. Адам екі аяғына басып тік тұрып, дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайықты һәм өзге хайуандарды құлданарлық, пайдасын көрерлік лайығы бар. Хайуанның бірі аяғына сеніп жүр, бір өзіңдей хайуанды құлданарлық лайығы жоқ. Адам өзі өзіне сенбесе, адамды да хайуан секілді қылып жаратса, ешнәрсеге жарамас еді. Хайуанға адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша даркарлік, бір-біріне ғылым үйретерлік шешендік салахият ол денеге лайықты келмейді. Қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап, неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар? Бірақ адам баласы болмаса, бұл ғажайып ақылды және ғажайыппен жасаған денеге кіргізіп, мұнша салахият иесі қылғаны хиқметпенен өзге хайуанға сұлтан қылғандығына дәлел емес пе? Ол дәлел болса, адам баласын артық көріп, қамын әуелден алланың өзі ойлап жасағанына да дәлел емес пе? Енді адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай ма? - депті.


10 пікір

Алдияр

Абайдың жиырма жетінші қара сөзі классикалық философияға сілтеме жасайтын Аристодим мен Сократ арасындағы диалогтың бөлігі болып табылады. Бұл диалогта олар адам денесінің табиғатын және оның мүшелері бізге әлемді қабылдауға қалай көмектесетінін талқылайды. Олар сондай-ақ бұл әлем Жаратушысының жоғары санасының дәлелі екенін айтады.

Айжан

Аристодим мен Сократтың осы диалогта қолданатын негізгі дәлелдерінің бірі-адам ағзалары белгілі бір мақсаттарға қызмет етеді. Мысалы, көздер бізге әлемнің сұлулығын көруге мүмкіндік береді, ал мұрын - иіс сезу. Бұл дәлел әлемдегі барлық нәрсенің мақсаты мен мақсаты бар деген идеяны көрсетеді.

Батес

Бұл диалог сонымен қатар адамның ақыл-ойы әлемнің барлық шексіздігін қамти алмайды деген мәселені талқылайды. Сократ адамның ақыл-ойы шектеулі, сондықтан біз әлемнің шындықтарын толық түсіне алмаймыз дейді. Бұл адам шындықтың бір бөлігін ғана біле алады және адам санасынан асып түсетін жоғары ақыл бар деген идеяны көрсетеді.

Онгар

Сократ пен Аристодим де осы диалогта махаббаттың табиғатын талқылайды. Олар барлық тіршілік иелері өз балаларын жақсы көреді және жойылуға қарсы тұру үшін жеміс береді деп мәлімдейді. Бұл махаббат тірі тіршілік иелерінің өмір сүруіне көмектесетін күшті күш деген идеяны көрсетеді.

Газиза

Диалогтың соңында Аристодим мен Сократ Алла тағала адамды сүйіспеншілікпен жаратқан деп мәлімдейді. Бұл адамның әлемде өз орны бар және ол барлық қамқорлықпен және мұқият жасалған деген идеяны көрсетеді. Сонымен қатар, бұл бүкіл әлемнің жаратушысы болып табылатын жоғары ақыл бар деген идеяны көрсетеді.

Барлас

Абайдың жиырма жетінші қара сөзі адам санасының ұлылығын және бізді басқа жануарлармен салыстырғанда ерекше ететін нәрсені көрсетеді. Адам өзінің мүмкіндіктерінің арқасында қалалар құра алады, қару-жарақ жасай алады және ғылыммен айналыса алады. Дегенмен, біз Жаратушы алдындағы жауапкершілігімізді де есте ұстауымыз керек және бізге берілген нәрсеге ризашылық білдіруді ұмытпауымыз керек.

Ракия

27 қара сөзі адамның руханилығы мен түсінігінің маңыздылығын көрсетеді. Өмір барлық тіршілік иелеріне берілгенімен, олардың барлығында бұл қасиеттер жоқ. Олар бізге болашақ пен тәжірибе туралы ойлануға, өмірдің мәнін іздеуге және одан да көп нәрсеге ұмтылуға мүмкіндік береді.

Анвар

Сократ адамның жердегі барлық тіршіліктің патшасы екенін айтады, бұл оның әлемдегі ерекше рөлін көрсетеді. Біздің ақыл-ойымыз бен бүктелген денеміз бізге қоршаған әлемге қарап, оны түсінуге мүмкіндік береді. Біз өз қабілеттерімізді жануарлар әлемін бағындыру және қалалар салу үшін пайдалана аламыз.

Саурык

Жиырма жетінші қара сөзі тіпті ең ақылды адам да қажетті шеберлік пен ептіліксіз жетістікке жете алмайтындығы айтылған. Бұл өмірдің әртүрлі салаларында табысқа жету үшін қажет білім мен дағдылардың маңыздылығын көрсетеді.

Бимаржан

Абайдың қара сөзде адамның Жаратушының сүйіспеншілігіне ие болғанын көрсетеді. Бізге берілген нәрсеге ризашылық білдіруіміз керек және Жаратушының алдындағы жауапкершілігімізді есте ұстауымыз керек. Біздің ақыл-ойымыз бен талантымыз қоғамның игілігі мен айналамыздағы әлемді дамыту үшін пайдаланылуы керек.