Абайдың жиырма алтыншы қара сөзі - Абайдың қара сөздерінен толықтай мойыншақ сөйлемдер

Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ - шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?

Жүйрік ат - кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те - кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнеріменен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорланады екен?

Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі - надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әуелгі әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің.


5 пікір

Габит

Абайдың жиырма алтыншы қара сөзі адамдардың өмірде қуанышты қалай табатыны туралы көп ойландырады. Қазақтар үшін, мәтіннен көріп отырғанымыздай, қуаныш басқа адамдар мен жануарларға қарағанда сәттілік пен артықшылықта жатыр. Алайда, бұл қаншалықты маңызды және дұрыс екендігі туралы сұрақтар туғызады, әсіресе маңызды емес жарыстарға қатысты.

Камалия

Мен Абаймен келісемін, бұл ащы ойларды тудыруы мүмкін. Қазақтар ортақ мақсаттар үшін күресудің және өз қабілеттерін дамытудың орнына бір-бірімен бәсекелестікке бел буады. Бұл олардың қоғамына теріс әсер етіп, жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.

Камалия

Сонымен қатар, Абайдың жиырма алтыншы қара сөзі сәттілік әрдайым тұрақты бола бермейтінін және уақыт өте келе өзгеруі мүмкін екенін көрсетеді. Осылайша, мұндай жарыстарда табысқа жетудің тұрақты қуанышы өмірдегі бақыт үшін жеткілікті тұрақты негіз емес.

Баттал

Бір қызығы, автор адамдар өздерінің жарыстарындағы сәтсіздіктерден ұялуы мүмкін екенін айтады. Бұл жеңістің қазақтар үшін маңыздылығын және оның өзін-өзі бағалаумен қаншалықты байланысты екенін көрсетеді. Дегенмен, сәтсіздіктер мен жеңілістер өмірдің қажетті элементі деп санаймын және оларды үйрену және дамыту мүмкіндігі ретінде қарастыру керек.

Агзам

Соңында, осы сөзде адамзат қоғамының бәсекелестік пен үстемдікке деген жалпы тенденциясы туралы түсініктеме ретінде түсіндіруге болады. Ынтымақтастық пен бірлескен күш-жігерге назар аударудың орнына, адамдар көбінесе өздерінің жеке жетістіктері мен беделіне тым көп көңіл бөледі, бұл жалпы қоғамға зиян тигізуі мүмкін.