Абайдың тоғызыншы қара сөзі - Абай Құнанбайұлының қара сөздері

Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді.

Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін. Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен бе? - еш білмеймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Қайратты күнімде қазақты қиып бөтен жаққа кетпек түгіл, өзін жақсы көріп, үміт етіп жүріппін. Қашан әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты өз қылып, үйір боларлық кайрат, жалын сөніп те қалған екен. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін. Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, өлер кезде «әттегене-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды-ау!» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге.


4 пікір

Алтай

Абайдың тоғызыншы қара сөзі өз халқына деген сүйіспеншілікке және оның әлеуетіне деген сенімнің болмауына байланысты өзінің ішкі жанжалын сипаттайды. Ол өз отандастарының іс-әрекеттерін мақұлдай алмайды, бірақ олардан бас тарта алмайды. Бұл халыққа деген сүйіспеншілік әрқашан оның барлық әрекеттерімен келісуді білдірмейтінін көрсетеді.

Булат

Абайдың тоғызыншы қара сөзі өзінің көңілі қалғанын және оның жақсы жаққа өзгеруі мүмкін деген сенімсіздігін білдіреді. Сонымен бірге, ол өзінің туған жерін тастап, басқа жерде жаңа өмір бастай алмайды. Бұл олардың көңілі қалғанына қарамастан, туған жер мен мәдениетке деген сүйіспеншілік өте күшті болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Абылай

Қара сөзде Абайдың тоғызыншы қара сөзі өзінің ішкі қайшылықтары мен көптеген адамдарға таныс болуы мүмкін сезімдерін сипаттайды. Ол өз сезімдерін қалай түсіндіруді және қиын жағдайдан шығудың жолын табуды білмейді. Бұл адамның көптеген эмоциялары мен шешімдерінің күрделілігі мен түсініксіздігін көрсетеді.

Рауан

Абайдың тоғызыншы қара сөзде болашаққа деген үміт бар, бірақ ол түсініксіз және анықталмаған. Абай ғажайыпқа сенеді және өткен күндердегі көңілі қалғанына қарамастан, соңғы күндер әлі де өмір сүре алады. Бұл адамдар әрқашан керемет немесе алыс болып көрінсе де, жақсылыққа үміттене алатынын білдіруі мүмкін.